БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті шектен асты
Сурет: ҚР ТЖМ
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді, өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Таңертеңгі ақпарат бойынша, Орал қаласы маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 852 сантиметрді құрап, қауіпті деңгейден (850 см) асты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты облыстың және Оралдың төрт ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде. 10 мыңнан астам техника, 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, 11 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы жұмыстарды жүзеге асыруда, делінген ОКҚ брифингі хабарламасында.
"Батыс Қазақстан облысында барлығы 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 6 мыңға жуығы бала", дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ержан Тәткен.
Батыс Қазақстан облысының 11 елдімекенін Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар, деп хабарлаған еді ТЖМ 20 сәуірдегі хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript