Түтек боранға байланысты Павлодар – Қарағанды тас жолы жабылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Өңірде дауыл туралы ескерту жарияланды. Павлодарлық құтқарушылар жүргізушілерге жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz
Ауа райының күрт нашарлауы, яғни толассыз қар жауып, боранның түтеуі салдарынан жолдарда көру мүмкіндігі шектелуіне байланысты Қарағанды учаскесі мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі 967-1135 шақырым жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Pavlodarnews.kz өңірде 12 ақпанда дауылды ескерту жарияланғанын жазады. Бұл ескерту 14 ақпанның кешіне дейін ұзартылды. Ауа райы болжамына сәйкес, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді, сынап бағаны күндіз -3 -5 °C аралығында болмақ.

Қарағанды
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды