Несиесін төлемегені үшін жеті баланың анасы кісі қолынан қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
Атырауда көпбалалы ананы өлтірген қылмыскерге үкім шықты: ер адам кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

«Мой город» басылымының хабарлауынша, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот 35 жастағы жеті баланың анасын өлтірді деп айыпталған 25 жастағы жігітке үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдың наурыз айында жәбірленушінің өтініші бойынша сотталушы бірнеше рет өз атынан банктен несие алған, оны жәбірленушінің өзі төлеуі тиіс болған.

Бірақ әйел уақыт өте келе несиені төлеуден бас тартқан.

25 қарашада сотталушы жәбірленушімен кездесіп, оның әрекетіне ашуланып, оған бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінді, – делінген үкімде.

Айта кетейік, марқұмның артында жеті баласы қалды, ең кішісі небәрі бес жаста.

Сот үкімімен ер адам кісі өлтіргені үшін кінәлі деп есептеліп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды