Нұр-Сұлтанның екі тұрғынын түлкі қапты: Экология министрлігі пікір білдірді

Сурет: pixabay
ҚР Экология министрлігі Нұр-Сұлтан аумағында түлкілердің пайда болуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 8 наурыз күні Есіл аудандық полициясының учаскелік инспекторынан елорданың орталығында түлкі жүргені туралы ақпарат келіп түскен.

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аталған аумаққа тексеру жүргізді, тексеру барысында түлкілер табылмады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі қазір Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қаланы патрульдеу жұмысын ұйымдастырғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағынан жабайы жануарлар табылса, тұрғындарды жабайы және қараусыз қалған жануарларға тиіспеуге және бұл туралы +7 777 182 39 01 телефоны арқылы хабарлауға шақырамыз, – деді комитет өкілдері.

Еске сала кетейік, мереке күні астаналық екі келіншек түлкі қауып алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген болатын. Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түлкі әйелдердің бірін «Керуен сити» сауда үйінің маңында, екіншісін «Думан» қонақ үйінің маңында қапқанын мәлімдеді.

Қазақстан
Қызықты
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін