Екі мыңнан астам қару әлі табылған жоқ: Ішкі істер министрлігі үндеу жолдады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған екі мыңнан астам қарудың табылмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі мыңнан астам қару табылмады. Азаматтарға тағы да айтамын: Ішкі істер министрлігі қаруды өз еркімен тапсырған тұлғалардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынына заң негізінде кепілдік береді.ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов

Марат Ахметжанов министрлік жедел штабтың 10 мың қызметкері жұмылдырылған «Қару» арнайы операциясын өткізіп жатқанын еске салды.

Жұмыс жемісін беріп жатыр. Қаруын өз еркімен тапсырғандарды айтпағанда, тұрғындар ақпарат беріп жатыр. Сол ақпарат арқылы ұрланған қаруды тауып жатырмыз. Марат Ахметжанов

Ішкі істер министрінің айтуынша, Алматы облысында қару сатқысы келген қылмыскерлерді ауыл тұрғындарының өздері ұстап, полицияға тапсырған.

Тағы да қайталаймыз: қолда бар барлық ақпаратты бізге айтыңыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.Марат Ахметжанов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы