Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ыдыс ұрлаған адам ұсталды

Сурет: pixabay
Бүлікші ер адамды ұстау барысында полиция қызметкерлері таба, шәйнек, пышақ сияқты асүй ыдыстарын тәркілеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде А есімді азамат сауда орталықтарының бірінде орналасқан ыдыс-аяқтар бутигіне заңсыз кіріп, жалпы құны 5 миллион теңгеге жуық асүй ыдыстарын алып кеткен. 32 жастағы ұсталған азамат қылмысын мойындады. Оның беті бірден бірнеше бейнебақылау камерасына, соның ішінде тонау куәгерлерінің смартфондарына түсіп қалған, – деп хабарлады Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) қаралады.

Қылмыскер ұрланған заттарды сата алмаған. Жедел уәкілдер ұрланған асүй ыдыстарын тәркілеп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркеген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді