Түркістан облысында дәретханалары сыртта орналасқан 23 мектепке айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Сарыағашта 13, Мақтааралда төрт, Отырарда екі және Түркістан қаласы, Төлеби, Бәйдібек, Жетісай аудандарындағы мектептерде ішкі дәретханалар мәселесі шешілмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.  

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 2021 жылдың өзінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары тарапынан жүргізілген тексерулер барысында Түркістан облысындағы 23 мектептің  ғимараты ішінен дәретханалардың жоқтығы анықталды.

Кемшілікке жол берген 29 лауазымды тұлғаға  230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Елімізде соңғы жылдары сыртқы дәретханаларға қатысты тіркелген келеңсіз жағдайларға байланысты мектеп дәретханаларының сыртта орналасуы балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп  төндіруі мүмкін екендігі белгілі болды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ​​​​​​​

Денсаулық сақтау министрілігі тарапынан бекітілген санитариялық қағидаларында - балалардың денсаулығы мен санитариялық гигиена талаптарының қатаң сақталуы, өскелең ұрпақтың психологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасуына жан-жақты мән берілгені атап өтіледі.

Жүргізілген тексерулер кезінде мектептерде  сыртқы дәретханалардың қолданылуымен қатар ішкі санитариялық тораптардың санитариялық талаптарға сәйкестігіне және уақытылы тазаланып, дезинфекциялануына назар аударылады.

Әсіресе, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін ұстану үшін мектеп дәретханаларына төмендегідей талаптар  қойылады:

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы - 2026

Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты