Қазақстандық блогер адам өліміне әкелген жол апаты үшін алты жылға сотталды

Сурет: Instagram.com/azo_mussaev
Қазақстандық блогер Азо Мұсаев (Instagram желісінде 400 мыңнан астам жазылушысы бар) жол ережесін өрескел бұзғаны үшін алты жылға сотталды. 2021 жылдың жазында оның кінәсінен оқыс оқиға болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сай жол апаты 2021 жылы 24 шілдеде Ақмола облысында болған.

Мұсаев реттелмеген көше қиылысында басып озып, жол белгісін елемеген. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Мұсаевтың өзі дене жарақатын алды.Ақмола облысы Есіл аудандық соты

Мұсаев сотта өз кінәсін мойындамады. Оның кінәсі жол-көлік оқиғасы куәгерлерінің айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, автокөлікті қарау хаттамасымен, сот сарапшысының қорытындысымен дәлелденді.

Сот оны алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар сот Мұсаевқа жеті жылға көлік жүргізуге тыйым салды.

Блогер жәбірленушілерге моральдық шығын үшін 50 миллион теңге, оған қоса жалпы сомасы 3,4 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндіруге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды