Ақтөбеде прокуратураның тексеруінен кейін коммуналдық қызмет тарифтері арзандады

Сурет: pixabay
Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф - 2,16 %, су тарту – 0,37% және жылумен жабдықтау 4,31% төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының прокуратурасы мен монополияға қарсы департамент "Aqtobe su–energy group" АҚ жұмысын тексеріп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Диапазон".

Хабарламада атап өтілгендей, монополист 892 млн теңгеден астам сомаға сумен жабдықтау, су тарту және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша іс-шараларды орындамаған.

Прокуратураның араласуынан кейін 1 қаңтардан бастап бір жылға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16%, су тарту – 0,37% және жылумен жабдықтау 4,31%-ға төмендеді.

Тұтынушыларға төмендетілген тарифтерді ескере отырып шоттар жолданатын болады. "Aqtobe su-energy group" АҚ-ға 9,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды