Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі көрсеткендей, қаскүнемдер көшедегі тәртіпсіздіктерді пайдаланып, ұрлық пен тонауды мақсатты түрде және ашық жасаған. Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары бойынша ұрлық пен тонау фактілерінің ең көп саны Алматыда – екі мыңнан астам, Алматы облысында – 204 және Жамбыл облысында – 23 факті тіркелген. Ашынған топ жол бойында орналасқан дүкендер, компания кеңселері, мейрамханалар және басқа да нүктелерге шабуыл жасады. Банктер мен ірі сауда орталықтарын тонау фактілері тіркелді – бұл 1502 кәсіпкерлік нысан.Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов
Әділовтың айтуынша, іс-шаралар барысында полицияның жедел мүмкіндігімен қатар саналы азаматтардың оқиға кезінде жасаған бейнематериалдарды ұсынуы да қылмыстың ашылуына ықпал етеді.
Сонымен осындай видеолардың бірінің арқасында Алматыда бір топ жас жігіттің балалар ойын-сауық орталығынан ұрланған көліктерге теледидарлар мен басқа да тұрмыстық техникаларды қалай тиегені анықталды. Тағы бір видеода Алматы қаласындағы банк бөлімшесіне шабуыл жасалып, жиналған жұрт жан-жағындағылар мен өтіп бара жатқан көліктерді елемей, қылмыс орнында олжаны бөліп жатқан. Екі жағдайда да күдіктілер анықталып, қамауға алынды.Санжар Әділов
Сонымен бірге ІІМ Тергеу басқармасының бастығы азаматтардан түскен бейнематериалдар қылмыскерлерді әшкерелеуге көмектесетінін және кейіннен заттай айғақ ретінде пайдаланылатынын айтты.
Ішкі істер органдарының тергеушілерімен 410 айыпталушыға қатысты 261 қылмыстық іс айыптау қорытындысымен аяқталып, сотқа жолданды. Мұндай жағдайлардың ең көп саны Алматыда – 185, Алматы облысында – 49, Жамбыл облысында және көліктегі ПД – әрқайсысында – 10, Қызылорда мен Түркістанда – 4 жағдай тіркелді.Санжар Әділов
Бөтеннің мүлкін ұрлап ұсталғандардың дені – алғаш рет заң бұзған жастар. Мұндай адамдарға, тергеушілер олардың жеке басын және жағымды қасиеттерін ескере отырып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес алдын алу шараларын қолданады.
Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, осы негіздер бойынша 326 күдікті қамаудан босатылған. Өз кезегінде, сот органдары сотталушыларға жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу кезінде адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сонымен бірге жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, ауырлығын, қоғамдық қауіптілігін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде олардың қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлық, тағайындалған жазаның оларды түзеуге әсері және жәбірленушілердің пікірі.
Қазір ішкі істер органдарының тергеушілерінің қарауында жатқан қылмыстық істер бойынша 155 адам қамауда отыр. Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген.