Ағаштар сынып, шатыр жұлынды. Петропавлда жан-жақты жайпаған сойқан дауыл болды

Сурет: Instagram/dtp_sko
Петропавлда жан-жақты жайпаған сойқан дауыл тұрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК филиалының мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 33 метрді құрап, стихиялық гидрометеорологиялық құбылыс деңгейіне жетті.

ТЖД хабарлағандай, Береке ықшам ауданында қатты жел салынып жатқан сауда кешенінің шатыр жабындысын жұлып әкетті. Жабындының бір бөлігі жақын маңдағы тұрғын үйдің үстіне құлады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйге келген зақымның болу-болмауы тексеріледі және қалған шатырды бекіту жұмыстары жүргізіледі.

Әлеуметтік желіге қала тұрғындары дауылдан кейінгі суреттер мен видеоларды орналастырып жатыр.

Сондай-ақ қалада көптеген ағаш сынып, көліктер бүлінді.

Қалада орталық алаңдағы ту да бүлінді, оған қоса сол арадағы бес баннер де жұлынған. Коммуналдық қызметтер апаттың салдарын жоюмен айналысып жатыр. Залал көлемі нақтылану үстінде.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі