Ведомствоның мәліметінше, қазақстандықтар қаржы пирамидасына 600 миллион теңгеден астам инвестиция салған.
Тергеу барысында ұйымдастырушылар мен менеджерлердің ұялы телефондарға қоңырау шалып, қаржы сауаты курстарына шақырғаны анықталды. Курстарды аяқтағаннан кейін салым сомасына байланысты әртүрлі пайызбен қаражатты сенімгерлікпен басқаруға келісім-шарттар жасалды: 124 салымшы алданып қалды.
Қаржы сауаты жоқ көптеген салымшылар ай сайынғы сыйақы алуға үміттеніп, жеке қаражаттарын аударған, - деп хабарлайды қадағалау органы.
Инвесторларға салым сомасына қарай лезде төлем жасауға уәде берілді. Қылмыстық іс аясында алты адам қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаумен күдікті деп танылды. Қазір қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді.Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі
Айта кетейік, Қазақстанда алаяқтық пен қаржы пирамидасын құрғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді жоспарлап отыр.
Бас прокуратура кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселеcі бойынша түзетулер әзірледі.