Оқушыларды зорлады деген күдікті имамның көмекшісі болған емес – ҚМДБ

Сурет: pixabay
Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ-ның баспасөз қызметі 3-сынып оқушыларын зорлады деген күдіктінің имамның көмекшісі болған деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетерлігі, кейбір БАҚ күдікті мешіт имамының көмекшісі болғанын жазған еді.

Ол 1992 жылы Шу ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген, еш жерде жұмыс істемейді, ара-тұра мешітке барып тұратынын айтпағанда, мешіт жұмысына еш қатысы жоқ. Ол мешіт қызметкері емес. Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ баспасөз қызметі

Облыстық «Хибатулла Тарази» мешіті оның мешіттегі жұмысына қатысты БАҚ-тағы ақпараттың дәйексіз екенін ресми түрде мәлімдеді.

«ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдардың тізімі мен міндеттері» құжатында «имамның көмекшісі» деген лауазым жоқ.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды