«Хабар 24» арнасының мәлімдеуінше, көгершін жауыннан кейін түрме ауласында пайда болған шалшықтан су ішпек болып қонғанда, күзешілер оның мойнына ілінген затты байқаған. Құсты ұстап алып тексере келгенде, шағын қаптың ішінен 30 грамм марихуана шыққан.
Перу полициясы қоғамдық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік бөлімі басшысының айтуынша, көгершіннің мойнына есірткі көтере алатындай мөлшерде ілінген.
Біз құс есірткіні түрмедегі сотталғандардың біріне тасып жүрген деп ойлаймыз. Қазір тергеу жүріп жатыр.Перу полициясы қоғамдық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Эдвард Диас
Қазір полиция құстың қожайынын іздеп жатыр.