Петропавл жылу электр орталығында жартылай қираған мұржа толықтай сүріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Биіктігі 100 метр болатын нысанды Өскемен қаласынан келген арнайы мамандар бөлшектеуге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ай жүргізілген сараптама қорытындысы оны қайта қалыпқа келтіру мүмкін еместігін көрсеткен. Болашақта  оның орнына жаңасы тұрғызылады, делінген «Хабар 24» телеарнасының сюжетінде.

Тамыз айына дейін бәрін бұзып үлгеруіміз қажет. Кейін тағы бір ай аумақты темір –бетон үйінділерінен тазартатын боламыз. Бірінші мұржаға қосылған қазандықтарды қазір біз басқасына қосып жатырмыз. Жылыту маусымына дейін сәтін салса, 9 қазандық жұмыс істейтін болады. Алдын ала болжам бойынша аталған түтін мұржасын бұзуға шамамен 150 млн теңгедей қаржы жұмсалмақ. Петропавл жылу электр ортылығы директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров

Айта кетсек, 20 наурызда жылу электр орталығында мұржаның 60 метрі опырылып түскен еді. Сол кезде машинист-қараушы әйел үйіндінің астында қалып, мерт болған. Осыған байланысты  прокуратура қылмыстық іс қозғап, бірнеше адам қамауға алған болатын.  

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты