Қырғызстанға бензинді заңсыз алып кетпек болғандардың ісі әшкереленді

Сурет: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделмеген 34 тонна бензинді елімізден Қырғыз Республикасына әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан мәлімет бойынша, 4 маусымда «Айша-бибі» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан-Қырғызстан шекарасын кесіп өткен кезде АИ-92 маркалы бензинді еріткіш түрінде тасымалдаған жүк автокөлік құралы ұсталды.

Алдын ала деректер бойынша, тасымалданатын бензиннің жалпы құны шамамен 6 млн теңге.

Бұл ретте, тасымалданатын жүкті жасыру мақсатында жөнелтуші 2,1 млн. теңге сомасына еріткішті тасымалдауға арналған тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кеден зертханасы жүргізген физика-химиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша еріткіш түріндегі АИ-92 маркалы бензинді тасымалдау фактісі расталды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қабылданады.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумда дауыс берді