Жамбыл облысындағы тас жолда қарбыз тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Сурет: pixabay
20 маусым күні республикалық маңызы бар Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолының 580 шақырымында жүк көлігі аударылып, көліктен төгілген қарбыз жолды жауып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Түркістан облысынан Таразға қарай келе жатқан KOGEL тіркемесі бар DAF жүк көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарына жүк көлігі аударылды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жүргізуші жеңіл жарақат алып, ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Жол-көлік оқиғасына қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол жүрiсi ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік материал толтырылды.Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Тараз
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады