Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 18:18 Видео скрині
Жезқазғанда балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдар қолданылған. Полиция отшашуды мекеме әкімшісі ұйымдастырғанын анықтап, оны заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, 14 қараша күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласында учаскелік полиция инспекторы өзіне бекітілген аумақты аралау барысында балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтады.

"Тексеру барысында отшашуды аталған мекеменің әкімшісі ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша әкімші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгелердің тыныштығын құрметтеуге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: