Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт шықты

Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 22:38 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдегі Шұғаев көшесіндегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.

Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 22:10-да өрт толықтай сөндірілгенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: