Қостанайда оқушы мектеп пен ойын-сауық орталығына "бомба қойылды" деп жалған хабар берген

Полиция, Қостанай, оқушы, мектеп, ойын-сауық орталығы, бомба, жалған хабарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 19:41 Сурет: polisia.kz
Қостанайдағы сауда ойын-сауық орталығының әкімшісі белгісіз нөмірден жарылғыш зат орнатылғаны туралы SMS-хабарлама алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ықтимал қауіп туралы ақпаратты қауіпсіздік қызметінің бастығы шұғыл түрде тиісті органдарға жеткізген. Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері ғимаратты және оның аумағын мұқият тексеріп шықты.

"Жарылғыш зат табылған жоқ. Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы күдіктінің ізіне түсті. Ол – облыс мектептерінің бірінде оқитын 8-сынып оқушысы болып шықты. Жасөспірім өз кінәсін мойындап, бұған дейін де осындай жалған хабарлама жасағанын растады", делінген полиция хабарламасында.

Атап айтқанда, 26 ақпанда ол Садчиков мектебінде "бомба бар" деп хабарлаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған оқушы мен ата-анасының, психологтың және әлеуметтік педагогтың қатысуымен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Полиция терроризм актісі туралы жалған хабарламаларға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырады. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс болып саналады және заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Бұл талаптар кәмелетке толмағандарға да толықтай қатысты. 

Бұған дейін полицияға жалған хабарлама берген қостанайлық оқушының ата-анасы жазаланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: