Ауғанстанның реактивті снарядтары Өзбекстанмен шекаралас аумаққа құлады

Сурет: pixabay
Өзбекстан СІМ Ауғанстан аумағынан ұшып шыққан бес реактивті снарядтың құлағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға сағат 16:20 шамасында орын алды. Жарылыстар, адам шығыны болған жоқ.

Термез қаласының "Мажнунтол" махалласындағы төрт жеке үйге аздап зиян келгені белгілі болды, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды. Табылған снарядтарды саперлер бөлімі залалсыздандырды.

Екі елдің құзыретті органдары оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

Ауғанстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр