Бұқтырмада катердің суға батуына кінәлілер екі жылға сотталуы мүмкін

Сурет: видеодан алынды
17 шілдеде Ұлан ауданында "Аюда" демалыс базасынан үш шақырым жерде төтенше жағдай орын алды. Жел 20 м/с жылдамдықпен соққандықтан, демалушылар мінген катер дауылға тап болып, суға батты. Бортта 24 адам болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, полиция "Өзен көлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді қолға алды.

Айта кетсек, катердің батып бара жатқанын жағадан байқаған төрт ер адам гидроскутер мен қайыққа мініп, көмекке аттанды. Одан кейін өңірлік ТЖД қызметкерлері де көмекке келіп жетіп, адамдарды біртіндеп жағаға шығара бастады.

Олар бұл операцияны екі кезеңмен жүзеге асырды. Бастапқыда кішкентай балалар эвакуацияланса, яғни кәмелетке толмағандарға көмек көрсетілді. Кейін ересектер мен экипаж мүшелері жағаға жеткізілді. ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов

Құтқарылғандар адамдар медициналық көмекті қажет етпегені айтылады.

Төтенше жағдай фактісі бойынша сараптама жүргізіледі.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі