Отын бағасының өсуіне байланысты британдықтар атақты айналма тас жолды жапты

Сурет: pixabay
Жанар-жағармай құю бекеттерінде баға айтарлықтай өсіп, оның ақыры митингке әкеліп ұрындырды. M5 айналма тас жолы жабылып, жазғы демалысқа аттанған қалалықтар орта жолда кептелісте қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұма күні таңертең M5 айналма тас жолының үш жолағы бойынша солтүстікке, оңтүстіктегі Сомерсетке және Бристоль ауданына қарай сағатына 48 шақырым жылдамдықпен көліктер колоннасы ақырын жылжыды, ал бұл кезде ондаған мың адам жазғы демалысын Девон мен Корнуолда өткізу үшін үйінен шыққан еді, деп жазды британдық Guardian газеті.

Белгілі болғандай, Бриджуотердегі жанар-жағармай құю станциясына қарайғы жол да жабылды, бірақ оған жедел жәрдем мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметі көліктерінің емін-еркін кіруіне жол ашылып отырды.

M5 айналма тас жолындағы наразылық түске қарай саябырсыды.

Полиция наразылық білдірушілерге қатысты қатаң шаралар қолданбағаны айтылады.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді