Екібастұзда жол апатынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға түсті

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желі қолданушылар көліктің жылқымен соқтығысуы мүмкін деп топшылайды. Зардап шеккендер арасында 20 жастағы жүкті жас келіншек те бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, жол апаты Екібастұз - Солнечный кенті автожолында орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Салдарынан  бес адам зардап шеккен, оның төртеуі Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

20 жастағы жүкті жас келіншектің жағдайы қанағаттанарлық, жүктілікті тоқтату қаупі жоқ, амбулаториялық ем ұсынылды. Тағы бір 20 жастағы келіншекте мидың жабық жарақаты, бас миының шайқалуы, оң жақ төбе аймақтың жұмсақ тіндерінің, оң тізе буынының жарақаты анықталды. Жағдайы орташа, ауруханаға жатқызудан бас тартты, - дейді басқармадағылар.

Бұдан басқа, 19 жастағы жігітке бет сүйектерінің жарақаттары диагнозы қойылды, жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты ауыр. 

34 жастағы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, бас миы шайқалған, маңдайының оң жақ тұсы соғылған, сол және оң жақ білектің жұмсақ тіндері жарақаттанған, екі қолы ұрылған. Травмотологиялық бөлімге орналастырылды, жағдайы орташа ауыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды