Оралда тергеу изольяторы қызметкерлері ұрып-соғу, азаптау бойынша күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі аталған өңір бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері жанжал шығарғаны үшін жазалау мақсатында бірқатар сотталғандар мен қамаудағыларға дене жарақатын салғанын жеткізді. Оқыс жайттар 2021 жылдың наурыз айында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл іс-әрекеттер адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына қайшы келеді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алғанын нақтылауға негіз болатын жеткілікті мәліметтер жиналды, деп "Мой город" порталы прокурорлар өкілінің сөзін келтіреді.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабы, яғни "Азаптау"бойынша айып тағылды.

Қылмыстық іс Орал қалалық сотында қаралып жатыр. Екі сотталушыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, қалғандарына қатысты келіп, көрініп тұру түрінде міндеттеме таңдалды.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді