Германияда оқ-дәрі қоймасы жарылып, орман отқа оранды

Сурет: pixabay
Берлин мен Потсдам арасындағы Груневальд орманында оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыстар болып, алапат өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Неміс БАҚ-тарының хабарлауынша, алғашқы жарылыс бейсенбі күні түнде ескі оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған.

Өрт жақын маңдағы орманға тарап, шамамен 15 мың шаршы метрді аумақты қамтыды. Күндіз қоймада тағы жарылыстар орын алып, өрт сөндірушілер тобын от шыққан нақты нысанға жақындатпады.

Полиция мен өрт сөндіру қызметі өртке жақын бір шақырым радиустағы барлық жолдарды жапты.

Оқиға орнында 100-ден астам өрт сөндіру және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ объектіге суатқышпен полиция да жұмылдырылды. Германия Қарулы Күштерінің басқа қызметтері мен арнайы күштерінен қосымша көмек сұралды.

Жаралылар мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ, ауыл оқиға орнынан кемінде екі шақырым қашықтықта орналасқан.

Батыс бағыттағы аймақтық пойыздардың қозғалысы да тоқтатылды. Автобанның учаскесі екі бағытта да жабылды.

Оқ-дәрі қоймасының жарылу себебі әлі айтылмады.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады