«90 млн теңге жымқырды» деп айыпталған Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары ақталды

Сурет: Zakon.kz
Шулы қылмыстық іс екі жылдам астам уақытқа созылды. Облыс орталығы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров 2020 жылғы сәуірде қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жаңа жылдық шыршаны безендіруге бөлінген 90 миллион теңге көлеміндегі қазына қаражатына қымбат шетелдік көлік мініп, қалған ақшаны сыбайластарымен қолды қылды деп айыпталған еді, деп мәлімдеді «Астана».

Бұл іс бойынша қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы мен екі бірдей мердігер мекеме басшысы да қамауға алынды.

Жаз айында сот үкімімен екі шенеунік 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін дәлелдердің жеткіліксіздігін алға тартып жоғарғы сот қылмыстық істі қайта қарауға жіберді.

Арада бір жылдан астам уақыт өткенде Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақтау үкімін шығарды.

Ақтөбе облысы сотының баспасөз хытшасы Гүлжанар Отарбаеваның мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары Аубакиров, Досов, Дуйсенби, Жанасбаев және Мустафинге қатысты жеткілікті дәлелдемелер ұсынбағандықтан, сот сотталушыларды кінәсіз деп танып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуының дәлелденбегені үшін ақтады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды