Баланың басына темір кіріп кеткен: сотқа дейінгі тергеу басталды

Сурет: polisia.kz
Щучьеде кәмелетке толмаған баланың футбол алаңында басынан жарақат алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 тамызда Щучье қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне тоғыз жасар баланың параорбитальды аймақта болат темірге соғылып, ауыр жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлады ҚР ІІМ ақпараттық порталы.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы, 1-бөлігімен («Сапасыз құрылыс») сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Тергеу кезінде осы ойын алаңын құрастырушы анықталды. Сонымен қатар нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында екені белгілі болды. Қазір бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Ақмола облысында дәрігерлер баланың басын тесіп кеткен темірді алып, оны аман алып қалғаны хабарланған еді. Баланы жедел жәрдем көлігі Щучье қаласынан алып кеткен. Анасының айтуынша, бала футбол алаңында ойнаған. Ол достарымен футбол ойнап жүріп, абайсызда қоршаудан шығып тұрған темірге тап болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді