Алматыда бизнесті рейдерлердің басып алуына қатысты тың мәліметтер жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі бірқатар компанияны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, зардап шегушілерге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 14 шілде күні Р. Бабаев, Т. Танашев, Д. Әбижанов және А. Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың 9 млн АҚШ долларына жуық қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ ведомстводалығлар Қаржылық мониторинг агенттігіне осы топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де түсіп жатқанын атап өтті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр