Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт жертөледен шыққан.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жағдайды бірден қолға алып, 15 минут сайын хабарласып тұрды. Бірден оқиға орнына қала әкімінің орынбасары Бұқтұғытов пен қала әкімі Жақсылық Омар аттанды.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дереу ауруханадан адамдарды эвакуациялау басталды.
Науқастардың барлығын жедел түрде арнайы жылы "Вахта" көлігіне мінгізген. Барлығы 59 науқас пен 12 медицина қызметкері эвакуацияланды. Миссиядағы қалған адамдарға қауіп төнген жоқ, оларды эвакуациялау қажет болмады.
Төтенше оқиға орнында өрт сөндірушілер жылдам әрі кедергісіз жұмыс істеді. Келген бөлімшелер газ-түтіннен қорғау қызметінің 7 звеносын құрып, камераларды, жертөлелерді тексерді. Белгілі болғандай, дәл медициналық мекеменің жертөлесінде жиһаз, 12 шаршы метр аумақтағы заттар жанып кеткен. Сағат 02:31-де өрт толығымен жойылды. Содан кейін медицина қызметкерлері палаталарды желдетіп, төсек-орындарды ауыстырды. Кейін науқастар өз бөлмелеріне оралды.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Зардап шеккендер жоқ. Науқастардың ешқайсысы қосымша медициналық көмекті қажет етпеді, барлығы жағдайға түсіністікпен қарады.
Өртті сөндіруге барлығы 15 техника мен 45 адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртке кінәлі деп танылғандар сол түні ішімдік ішкен емдеу мекемесінің - сантехниктері. Олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі