Қазіргі уақытта қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі жоқ - МКК

Алдында әлеуметтік желіде қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісін түсірген видео пайда болған болатын. Осыған қатысты құзырлы ведомство ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта қазақстандық "Қарасу" өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі жоқ, бекеттің жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

Ведомство атап өткендей, жүк көліктерінің уақытша шоғырлануы Ресейден Қырғызстанға транзитпен келе жатқан көптеген көліктің бір уақытта келуімен байланысты орын алған.

Сондай-ақ 22 қыркүйектен бастап Қазақстан-Ресей шекарасында бірінші кезекте өткізуге рұқсат берілген Ресей азаматтарының ағымы артқаны айтылады. Осыған байланысты Ресейден Қазақстан аумағына жүк көлігінің кіруі Ресей шекара қызметімен уақытша шектелді.

Ресей азаматтарының ағыны азайғаннан кейін жүк көліктері Ресей тарапынан Қазақстан мен Қырғызстан бағытында бір уақытта жіберілді. Осы себепті «Қарасу» бекетіне жүк машиналарының бір мезгілде келуі байқалды, қазіргі уақытта Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылауы штаттық режимде жұмыс істеуде, делінген ресми хабарламада.
Қазақстан Қырғызстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: