Украинадағы қазақстандықтар үшін жедел байланыс желісі ашылды

Қазіргі уақытта Украинадағы Қазақстан елшілігінде жедел желі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңнан бері жедел желіге 100 шақты қоңырау келіп түскен. "Мүмкіндігінше Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуге немесе қауіпсіз жерге орналасуға кеңес береміз. Дабыл ескертулерге мән беріп, сақ болуға шақырамыз”, - дейді елші. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Украинада қазір 600-ге жуық Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды "Хабар-24".

Дүмпу Қазақстан елшілігінен алыс жерде болған. Бұдан бөлек елшінің сөзінше, шаһарда ұялы байланыс дұрыс ұстамайды және кей аудандарда жарық сөнген. Егер эвакуация болған жағдайда елшілік Украинадан Польша арқылы шығуды жоспарлап отыр.

Украинадағы жедел байланыс желісі мынандай: +380 67 347 0408

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: