Қарағанды ​​облысында аңшы тірідей жанып кеткен өрттің мән-жайы белгілі болды

Қайғылы оқиға 16 қазан күні Қарағанды ​​облысындағы Қоянды ауылы маңында болды. Ауылдан 8 шақырым жердегі далада қатты өрт шықты. 17 қазанда өрт сөндірушілер қаза тапқан ер адамның, сондай-ақ күйік шалған екі адамның денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының тұрғындары түтінді өрт үйлеріне және жақын маңдағы шаруашылықтарға жақындай бастағанға дейін-ақ байқаған. Алғашында ауыл тұрғындары өртті өз бетінше сөндіруге кіріскенімен, қолынан келмеген соң көмек шақырған. Өрт тез таралып, құрғақ шөп пен қамыс әп-сәтте өртеніп кетті. Бұл аймақта соңғы бірнеше аптада жаңбыр жауған жоқ.

Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, өртті екі техникамен жеті адам сөндірді. Оларға 45 ерікті көмек көрсетті. Өрт шамамен 150 га аумақты шарпыды.

17 қазан күні таңертең өрт сөндірушілер қайтыс болған ер адамның денесін тапты. Тағы екі адамды күйік шалған.

Аман қалған жігіттер Қарағандыдан аңға келгендерін айтты. Көліктің коллектор қызып кетіп, соның салдарынан далада өрт шыққан. Көліктен шыққан жалын құрғақ шөпке тараған. Алғашында аңшылар өртті өз күшімен сөндіруге тырысыпты. Үш аңшының бірі аласапыран кезде көк түтіннің ішінде адасып қалған. Оның денесін кейін құтқарушылар тапты. Ол 1991 жылы туған Қарағанды ​​қаласының тұрғыны болып шықты. Ал 1969 жылы туған тағы бір ер адам күйікпен Қарқаралы қаласының ауруханасына жеткізілді.

31 жастағы ер адамның мәйітін табу фактісін полиция қызметкерлері тіркеп, қажетті сараптамалар тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қоянды ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінің басшысы Еркебұлан Олжабаев Zakon.kz тілшісіне ауылда не жағдай болғанын айтып берді. Әзірге Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің аңшыларға сілтеме жасаған ақпараты бойынша өрт техниканың қызып кетуінен шыққанымен, жергілікті тұрғындар басқа себепке күдіктеніп отыр. Ауыл тұрғындарының кейбірі аңшылар табиғи жасырынатын жерінен аңды үркіту үшін шөптіәдейі өртеуі мүмкін деп ойлайтынын жасырмады.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қазір Қоянды ауылдық округіндегі өрт толық дерлік сөндірілді. Кейбір жерлерде өрт ошақтары әлі де бар, бірақ өрт сөндірушілер мен еріктілер оған су шашып жатыр. Еркебұлан Олжабаевтың айтуынша, дала өртінен адам қайтыс болды, шөп дайындайтын және жақын маңдағы жайылымдардың барлығы да жанып кетті. Мал әдетте қыста осы жайылымдарда жайылады. Ауыл тұрғындары зор шығынға ұшырады. Жергілікті жануарлар зардап шекті. Даланың біраз аумағы өртеніп кеткен, қояндылықтар өрттен өлген және күйік шалған жануарларды да көрген. Кейбір ауыл тұрғындары шығынды өтеуді талап етпек.

Мұнда 20 гектар жайылым жеріміз бар. Көбі жанып кетті. Қыс бойы малымызды осы жерде бағамыз деп отыр едік. Кейбір ауыл тұрғындары шығынды өтеу туралы шағым түсірмек. Жеке шаруашылығым да зардап шекті. Бірақ моральдық тұрғыдан сотқа бергім келмейді. Біреу баласынан айырылды, түсінесіз бе? Мен сол адамға қарадым, оны одан сайын тығырыққа тіреудің қажеті қанша? От солар, аңшылар қойды. Бірақ бұл қалай болды, біз білмейміз. Олар жергілікті тұрындар емес, Қарағандыдан аңға келген. Бірақ адамнан айырылған кезде басқа не туралы айтуға болады? Неге біреуді кінәлау керек? – деп ауыл тұрғыны аңшыларға жаны ашитынын білдірді.

Олар ауылға келіп жеткен уәкілетті органдар өрттің нақты себебін анықтайды деп сенеді.

Менің жеке пікірімше, адам өмірі маңыздырақ! Тіршілік болады, келесі жылы шөп шабамыз, – деді Еркебұлан Олжабаев.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қоянды ауылдық округінде жұмысын жұмысын жалғастырып жатыр.

Қарағанды Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: