Петропавлдағы ТЖО-да болған қатты жарылыс видеоға түсіп қалған

Сурет: СҚО ТЖД
Желіде 17 қарашада Петропавлда техникалық жөндеу орталығында (ТЖО) болған қатты жарылыстың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа себеп - газ баллоны құрылғысынан газдың ауаға бөлінуі. Ол ТЖО ғимаратында тұрған жеңіл көлікке орнатылған. Жарылыстан соң ғимарат отқа оранып, бүлінген.

Өрттің ауданы - 100 шаршы метр.

"Оқиға орнында тоғыз адам зардап шекті. Олардың кім екені және алған жарақаттарының ауырлық дәрежесі анықталып жатыр. Өртті жоюға жеке құрамнан 43 адам мен 10 техника жұмылдырылды", деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Құрбан болғандар жоқ. Материалдық залалдың көлемі мен оқыс жайттың себебі алда анықталатын болады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті