Көкшетауда әкесі 5 жасар баласын байлап, аштан-аш қалдырған

Сурет: pixabay
Көкшетауда көп балалы отбасының бес жасар баласы қатты әлсіреп, ауруханаға түсті. Zakon.kz сайтына облыстық полицияның хабарлауынша, бұл жайт қазір тексеріліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, облыс орталығының тұрғыны полицияға туысқанының үстінен шығамданған. Оның сөзінше, 2017 жылы туылған бала жүдеп кеткен, әкесі дұрыс қарамаған, оның үстіне баланы жиі байлап қояды екен.

Тұрғылықты жеріне барып тексергенде, айтылған факті расталды. Ата-анасы медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, педиатр баланы ауруханаға жіберді.

Сонымен қатар 37 жастағы ер адамның бірінші некесінен кәмелетке толмаған үш баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған төрт баласы бар екені анықталды. Қазір ол ол екінші әйелімен тұрып жатыр.

Сондай-ақ полицейлер қорғаншылық және қамқоршылық органына сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттігі туралы ақпарат жіберілгенін хабарлады.

"Қазір тексеру жүріп жатыр. Балаға сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады". Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды