Атырауда ер адам мұз басқан суға батып кетіп, мерт болды

Сурет: unsplash
Атырауда 4 желтоқсанда ер адам немересімен жүріп келе жатып мұзға құлап кетті. Ер адам суға батып кетті, бала аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 20:49-да "Жұмыскер" ауылының маңындағы Жайық өзенінде ер адамның мұздан құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

"Сағат 21:10-да ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері серуендеу кезінде мұзға құлап кеткен 1950 жылы туған азамат К-ның мәйітін судан шығарды".Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

Оқиға куәгерлері 2012 жылы туған немересін құтқарып, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бала дәрігерлер тексеруінен соң үйіне жіберді.

Іздестіруге 3 сүңгуір мен 1 бөлімше жұмылды. Сонымен қатар Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының техникасы қолданылды.

24 қарашада астаналық мектеп оқушысы мысықты құтқарамын деп, мұз басқан суға құлады. Баланың жағдайы жақсы екені хабарланды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады