Атырауда суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарған мектеп оқушысы медальмен марапатталды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖ министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Атырау облысында баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлығы үшін жас құтқарушы Дінмұхаммед Жаңбырбай "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" ТЖМ медалімен наградталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Дінмұхаммедке батырлық іс-әрекеті үшін, оның ата-анасына айналасындағыларға көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбилегені үшін алғыс білдірді. Дінмұхаммедке ведомстволық награданы Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабаев табыстады.

Сонымен бірге Юрий Ильин қысқы мерзімде де, жазғы мерзімде де судағы қауіпсіздікті сақтаудың маңыpы мен қажет екенін атап өтті. Ол қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес берді. Осыған байланысты, Атырау облысы ТЖД, басқа өңірлерге қысқы мерзімде қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру үшін білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды күшейту туралы тапсырма берді.

Оқиға 3 желтоқсан күні Атыраудағы Жайық өзенінің жағасында болған. Дінмұхаммед 2008, 2013 жылы туған достарымен жексенбі күні түстен кейін мұз үстінде ойнап жүрді. 2008 және 2013 жылғы балалардың аяқтарының астындағы әлсіз мұз кенеттен жарылып, балалар су астына кетті. Шетте тұрған 8 жасар Дінмұхаммед су астына кеткенін көріп, ойланбастан өз өмірін қатерге тігіп, көмекке келеді. Дінмұхаммед өзі әлсіз мұздың үстінде тұрғанына қарамастан, достарының бірін судан алып шықты.

Дінмұхаммедтің жылдам әрекетінің арқасында судағы қайғылы жағдайға жол берілмеді, балалар құтқарылды.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Атырау облысында тағы бір оқиға болды. Онда ер адам немересімен серуендеп жүрген кезде Жайық өзеніндегі мұздың астына кетті. Оқиға куәгерлері батып кеткен ер адамның 2012 жылы туған немересін құтқарып, облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды