Түркістан облысында қызметкерлерді ұрып, ақша жинаған полиция полковнигі жұмысынан кетті

Сурет: видео скрині
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкерлеріне күш қолданған соң қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда "Киллер" лақап аты бар делінетін бастықтың орынбасары Алдабергенов қызметкерлерді кабинетіне кіргізіп ұратыны және қорқытып ақша сұрайтыны жазылған және екі видео жүктелген.

Әріптестерінің сөзінше, Алдабергенов жұмыс орнында әскери формамен емес, шолақ шалбар (шорты) және майкамен жүреді, мұны видеодан да байқауға болады. 

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметтік тәртіпті бұзу туралы тексеру жүргізген.

"Комиссия қорытындысы бойынша видеожазбадағы бастықтың орынбасары қызметінен босатылған. Аталған жайт бойынша  ҚР ҚК-нің 362-бабы "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жалғасады", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Zakon.kz редакциясына.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді