Екібастұз тұрғындарына берілетін өтемақы мөлшері анықталды

Сурет: Zakon.kz
Жақын арада "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС "ЭкибастузЭнерго" ЖШС-ға 240 млн теңге аударуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде "Орталық Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы" АҚ Басқармасының басшысы Бағдат Орал мәлімдеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Соңғы 2-3 аптада өтемақы төлеудің әділ алгоритмін жасап шығарумен шұғылдандық. Біз қалыпты жағдайдағы электр энергиясын тұтынудың бір айлық көрсеткішін негізге алдық. Екібастұз бір айда 220 млн теңгеге тоқ тұтынады. Сондықтан "ЭкибастузЭнергоға" 240 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды". "Орталық Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы" АҚ Басқармасының басшысы Бағдат Орал

Қаражат әрбір екібастұздықтардың жеке шоттарына аударылады. Екібастұзда олардың саны - 48 172.

Одан бөлек, зардап шеккен пәтерлерді жөндеу және бұзылған жиһаз бен тұрмыстық техниканың құнын өтеу мәселесі де сөз болды. Бүгінде 424 пәтер жөнделуі тиіс, олардың 52-інде реттеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Ал жиһаз бен техникаға келгенде Бағдат Орал екібастұздықтарға барлық квитанциялар мен қираған техниканы сақтау керектігін айтты. Оның айтуынша, әрбір өтініш жеке-жеке комиссиялық ретпен қарастырылады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды