Алматыдағы барахолка маңында қойма жанып жатыр

Сурет: Алматының ТЖД баспасөз қызметі
Алматыдағы барахолка маңындағы Москвина, 7-үй мекенжайы бойынша тауарлары бар қойма жанып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта қоймалардан тауарлық-материалдық заттар шығарылып жатыр.

Өрт болып жатқан жерде 90-нан астам адам және 20-дан астам техника жұмыс істеп жатыр.

"Төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары қойма өртеніп жатқан Жетісу ауданы Москвина көшесінде ерекше құраммен жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында штаб құрылды, екі өрт сөндіру аумағы анықталды", - деп хабарлады Алматының ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды