"Шымбұлақ" тау-кен курортында орналасқан Oblaka мейрамханасында шыққан өрттің хронологиясы:
Сағат 05:30-да 101 пультіне өрттің басталғаны туралы хабарлама түскен.
Таулы жердің ерекшеліктеріне байланысты Талғар асуына өрт сөндіру техникасының кіруі мүмкін болмауына байланысты төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы "Комби-2" аспалы жолы арқылы көтерілген.
Өрт сөндіру объектілік сумен жабдықтау жүйесінен жүзеге асырылды.
Сонымен қатар курорттың барлық ықтимал техникалық күші пайдаланылған:
04:50-де құтқару қызметінен қоңырау келіп түсті.
05:14-те сорғы станциясы арқылы қар генераторларына су беру басталды.
Өртті сөндіруге барлығы қарды суға айналдыратын қар генераторларының екі желісі, екі бірлік ратрак, төрт қармен жүргіш қолданылды.
Негізгі күштер "Комби-2" гондола жолына оттың таралуына жол бермеуге бағытталды. Өрт сағат 08:05-те ауыздықталып, сағат 08:30-да толықтай өшірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 800 шаршы метр жанып кеткен.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері, 12 курорт қызметкері жұмылдырылған.
"Бейжай қалмай, қолдау мақсатында ақ тілек білдірген жанның барлығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Біз үшін бұл өте құнды. Ең бастысы - адамдар зардап шекпеді. Инфрақұрылымды біз міндетті түрде қалпына келтіреміз. Өкінішке қарай, қазіргі таңда біз "Комби-2" арқанды жолының қашан іске қосылатынын айта алмаймыз, өйткені алдымен өрттің аспалы жолдың маңызды техникалық құрамдас бөліктеріне әсер етпегеніне көз жеткізуіміз қажет", - делінген "Шымбұлақ" кешені әкімшілігінің хабарламасында.