Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 00:44 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум кезінде жүргізілген тағы бір экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық саясат институты 15 наурыз республикалық референдум күні еліміздің барлық өңірінде exit poll өткізді.

Сауалнама барысында 400-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Exit poll-ға 24 мың азамат қатысты. Сауалнама 200 дауыс беру учаскесін қамтыды.

Exit poll нәтижесі бойынша, референдумға 72,1% дауыс берушілер келді. Қатысушылардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдаймын деп дауыс берді.

Еске салайық, бұған дейін "Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялағанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол нәтижелері белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: