Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 00:25 Сурет: Zakon.kz
Еуразиялық интеграция институты "Хабар" агенттігінің тапсырысы бойынша республикалық референдумға қатысты экзитпол нәтижелерін жариялады.

Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында еxit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.

Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.

Сауалнама нәтижелері:

Қазақстандықтардың 86,7%-ы "Иә, қабылдаймын" деп жауап берген.

Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.

Еске салайық, бұған дейін "Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялағанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: