Жаңалықтар тізбегі
0

Еуразиялық интеграция институты Zakon.kz тапсырысы бойынша референдумда exit poll жүргізеді

Еуразиялық интеграция институты Zakon.kz тапсырысы бойынша референдумда exit poll жүргізеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 21:12 Сурет: freepik
Еуразиялық интеграция институты 2024 жылғы 6 қазанда өтетін АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру күні Zakon.kz тапсырысы бойынша exit poll (сайлау учаскелерінен шығу жолында азаматтардан сауалнама) өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Он жылдан астам уақыт бойы біздің Институт Қазақстандағы және шет елдердегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеуге бағытталған кешенді әлеуметтанулық және саясаттанулық зерттеулер жүргізуге маманданған. Сайлау оқиғаларына ерекше назар аударылады: Институт президенттік және парламенттік сайлауға, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау науқандарына байланысты ондаған зерттеулер жүргізді.

"Біздің мақсатымыз - қоғамды және Қазақстанның саяси жүйесін демократияландырудың ағымдағы процесі шеңберінде азаматтардың электоралды мінез-құлқын терең зерделеуді қамтамасыз ету. Алынған эмпирикалық деректер осы саладағы қосымша зерттеулер мен әзірлемелерге ғылыми қызығушылық тудырады", - делінген хабарламада.

2023 жылғы наурызда Еуразиялық интеграция институты бүкіл ел бойынша 200 сайлау учаскесінде 30 мың қазақстандыққа сауалнама жүргізіп, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда exit poll-ды сәтті ұйымдастырды. Республикалық телеарналардың тікелей эфирінде дауыс бергеннен кейінгі түнде ұсынылған нәтижелер қателігінің аз болуы зерттеудің жоғары дәлдігін растады.

АЭС салу мәселесі Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы экономикалық, энергетикалық және технологиялық даму траекториясын айқындайды. АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу Институттың азаматтардың ерік білдіруіне негізделген барынша ашық және объективті нәтижелерді қамтамасыз етуге ұмтылысымен негізделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: