Жаңалықтар тізбегі
0

Exit-poll: қазақстандықтардың 71,8%-ы АЭС-ті қолдап дауыс берді

экзит пул, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2024 00:44 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында exit-poll – дауыс беру учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу ақпараттық платформа ZAKON.KZ тапсырысы бойынша жүргізілді.

Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Заңының және "Республикалық референдум туралы" Заңының талаптарына сәйкес біздің Институт экзитпол жүргізу ниеті туралы Орталық референдум комиссиясын хабардар етті.

Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның ішінде 159 – қалаларда, 91 – ауылдық жерлерде орналасқан. Арнайы даярланған интервьюерлермен face-to-face әдісі арқылы 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.

Экзитпол таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жүргізілді, барлығы 6 өлшем ұйымдастырылды. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 11.00-де, 13.00-де, 16.00-де, 19.00-де және сағат 21.00-де жасалды.

Учаскелерден шыға берісте респонденттерге "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?" деген сұрақ қойылды.

Экзитпол нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8%-ы "Иә, келісемін" деп жауап берді; 28,2%%-ы "Жоқ, келіспеймін" жауабын таңдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: