Астанада құрылыс нысанынан ұрлық жасаған күдікті анықталды
Фото: polisia.kz
Астана қаласында құрылыс нысандарының бірінде мүліктік қылмыс тіркелді.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдіктінің жеке басы анықталды.
Тергеу барысында 18 жастағы жігіттің құрылыс объектісіне еркін кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемденгені белгілі болды.
Атап айтқанда, ол құрылыс алаңынан кабель өнімдерін ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 180 мың теңгені құрайды.
Аталған қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылды. Камера жазбаларын талдау барысында күдіктінің әрекеті толықтай тіркеліп, оның қозғалыс бағыты анықталған. Соның негізінде полицейлер күдіктіні жедел түрде ұстады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript