Ақтауда бірнеше мәрте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 15:37 Фото: freepik
15 қазан мен 13 қараша аралығында Ақтау қаласының сауда нысандарының бірінде қайталанған ұрлық деректері тіркелді.

Тергеу материалдарына сәйкес, белгісіз ер адам түрлі тауарларды бірнеше рет жасырын түрде ұрлап кеткен.

Полиция жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 10 эпизодтан тұратын ұрлық анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке арнайы қабылдағышқа қамауға алынған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: