Петропавлда ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Сурет: polisia.kz
Петропавлда ұрлық жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол алдымен велосипед ұрлады деген күдікке ілінсе, көп ұзамай "Алтын арман" базары маңында қала тұрғынын тонап, сөмкесі мен құлаққабын алып кеткен.
Күдіктінің жүрген бағыты бейнекамералар арқылы анықталды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында ЖБО бейнебақылауының көмегімен 227 қылмыс ашылып, шамамен 20 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Орталық қызметкерлері 98 мыңнан астам азаматтық өтініш қабылдады, оның 48 мыңы ақпаратты тіркеу кітабына енгізілді. Ал "102" омниканалды қосымшасы арқылы петропавлдықтардан 368 хабарлама келіп түсті, соның 258-і бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript