Астанада дүкеннен ұрлық жасаған күдікті анықталды

Елордада полицияға иіссу сататын дүкендердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлғаныың 150 мың теңгеге 3 әтір және қол сағатын ұрлағанын анықтады.
Полицейлер камераларды тексеру кезінде дүкен сөресінен тауар ұрлаған жас жігітті байқайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сақшылар бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдіктіні "ізін суытпай" ұстады.
Ол 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты, өз ісін толық мойындады. Күдікті тауарды алып-сатарларға сатып жіберген.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript