Астанада мешіттегі ұрлық әшкереленді

Астана қаласында мешіттердің бірінде тіркелген ұрлық фактісі бойынша полицияға шағым түсті., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 14:24 Сурет: ҚР ІІМ
Астана қаласында мешіттердің бірінде тіркелген ұрлық фактісі бойынша полицияға шағым түсті.

Жергілікті тұрғын өзінің қымбат тонының ұрланғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мұқият зерделеп, күдіктіні анықтады.

"Қылмысты тоқтату" жедел-алдын алу шарасының аясында 22 жастағы азамат "Iceberg" қымбат тонын ұрлады деген күдікке ілікті.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мешітке жамағаттың кейпін жамылып, намазға жығылуға кеткен азаматтың күртесін киіп, еш қиындықсыз сыртқа шығып кеткен.

Осылайша ол қала тұрғынына 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде күдікті қылмысын мойындап, ұрланған киімді иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: